“Астана” клубының және Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Нұралы Жақсылық өзінің болашағы мен шетелдік клубқа ауысуы туралы айтты.
21 жастағы футболшының “Астанамен” келісімшарты жыл соңында аяқталады. Қазір ол шешім қабылдауға асықпай, маусым соңын күтіп отыр.
“Қазірше жаңалық жоқ. Келісім шарттың аяқталуын күтіп жүрмін. Сосын агентіммен ақылдасып, Қазақстаннан кету мүмкіндігін қарастырамыз. Әзірге бәрін ой елегінен өткізу керек.” — деді Нұралы Жақсылық Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.
Бұған дейін Нұралыға Испаниялық “Лас-Пальмас” клубы қызығушылық танытқан. Алайда сол кезде “Астана” ойыншыны жіберуден бас тартқан.
Біздің серіктес: FONBET