Бирмингемнің "Астон Вилла" клубы өз алаңында "Манчестер Юнайтедті" қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл нәтиже Унаи Эмери шәкірттеріне Жаңа жылды турнирлік кестенің үздік үштігінде қарсы алуға мүмкіндік бермек, деп хабарлайды Aladop.kz.
Матчтың басты кейіпкері — Морган Роджерс. Ол соққан екі гол алайң иелеріне жеңіс сыйлады.
"Манчестер Юнайтед" сапынан Матеус Кунья бір голмен жауап бергенімен, бұл “Қызыл сойқандарды” жеңілістен құтқара алмады.
"Астон Вилла” барлық турнирлерде қатарынан 10-шы жеңісіне қол жеткізді. Мұндай нәтиже клуб тарихында соңғы рет 1914 жылы (11 жеңіс) тіркелген.
Бұл — "Астон Вилланың” соңғы 30 жыл ішінде өз алаңында "Манчестер Юнайтедті" екінші рет қана ұтуы.
"Манчестер Юнайтед” бас бапкері Аморим жеңіліске қарамастан, өз командасының ойынына көңілі толатынын жеткізді. Сонымен қатар, ол команда капитаны Бруну Фернандештің жарақатына алаңдаулы.
"Бүгін біз жақсырақ ойнадық деп ойлаймын. Сәтсіздікке ұшырадық, оның үстіне Бруну жарақат алып қалды. Ертең ешкім ойын сапасын еске алмайды, барлығына тек нәтиже маңызды. Бірақ біз академия түлектеріне (Флетчер, Лейси) мүмкіндік беріп, шешім іздеуді жалғастырамыз.” — деді Аморим.
Морган Роджерс (Матч үздігі):
"Бұл — ұзақ уақыт бойы атқарылған ауыр жұмыстың жемісі. Өзіме сенімдімін, футболдан ләззат алып жүрмін. Бұл тек менің емес, бүкіл команданың арқасы."
Осы жеңістен кейін "Астон Вилла" 3-ші орынға көтеріліп, чемпиондық бәйгедегі орнын нығайтты. Ал "Манчестер Юнайтед” 7-ші орында қалды. Аморим шәкірттері алдыңғы екі ойында 8 гол соққанымен, қорғаныстағы қателіктердің зардабын тартып келеді.
Біздің серіктес: FONBET