“Астон Вилла” рекордтық трансфер жасады

“Арыстандар” Чемпиондар Лигасы алдында құрамын күшейтуде.

“Астон Вилла” “Эвертон” жартылай қорғаушысы Амаду Онананы 59 млн еуроға сатып алды. Бұл трансфер ағылшындық клуб тарихындағы рекордтық болып тіркелді.

Қос тарап келісімді 2029 жылдың шілдесіне дейін бекітті. Ойыншы жаңа командасына ресми түрде қосылды. 

Бельгиялық “Эвертон” сапында 2022 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда хавбек барлық турнирлерде 37 ойвн өткізіп, 3 гол мен 1 голдық пас берді. 

Материалда: