Жарнама
Жарнама

«Астон Вилла» «Севильяның» негізгі қорғаушысын қатарға қосты

27.05.2022, 14:40
Стивен Джеррардтың командасы бұған дейін Коутиньо және Камарамен келісім-шарт жасасқан еді.
Жарнама
Жарнама

«Севильяның» бразилиялық қорғаушысы Диего Карлос мансабын «Астон Виллада» жалғастырады, деп хабарлайды бирмингемдік клубтың ресми сайты.

Жақын арада 29 жастағы футболшы медициналық тексерістен өтіп, ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қояды. Трансфер құны 31 миллион еуроны құрады.

Карлос «Севильяға» 2019 жылдың жазында «Нанттан» 15 миллион еуроға ауысып келді. Ойыншының испаниялық клубпен келісім-шарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін есептелген еді.

Диего Карлос осы маусымда «Севилья» үшін 45 матчқа қатысып, үш гол соқты. Бұған дейін қорғаушыға «Ньюкасл Юнайтед» қызығушылық танытқан болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров