"Аталанта" президенті Антонио Перкасси бас бапкер Жан Пьеро Гасперинимен болған қақтығысқа байланысты команда капитаны Алехандро Гоместің кетуі туралы айтты.
"Гоместің жағдайы? Жоқ, тыңдаңыз, біз бұған дейін бұл мәселе туралы жеткілікті түрде айттық. Тақырып жабық, соңы. Гасперини - мәңгілік. Ол ғана емес. Клубтың барлық бапкерлкк құрамы. Сондай-ақ, менің ұлым Луканың керемет жұмысының арқасында ол керемет нәтиже береді", - деп келтіреді Football Italia Перкассидің сөзін.
Журналист Фабрицио Романоның жазғанына қарағанда, қазір 32 жастағы футболшы өзінің командаластарынан бөлек жаттығуда. Гомес қысқы трансферлік кезеңде клубтан кеткісі келеді және қолайлы ұсыныстарды қарастыруда.
Естеріңізге сала кетейік, Гомес пен Гасперини арасындағы жанжал Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің 5-турында "Мидтьюлландпен" болған матчтың үзілісі кезінде болған (1:1). Киіну бөлмесінде бас бапкер мен Гомес сөзге келіп қалған деп хабарланды. Екінші таймда 32 жастағы жартылай қорғаушы киім ауыстыру бөлмесінде қалып, ойын аяқталғанша шықпады.
Бұған дейін Гоместің қызметіне "Интер" мен "Пари Сен-Жермен" қызығушылық танытып отырғаны хабарланған болатын. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, "Интер" клубы аргентиналық футболшымен келісімшарт талаптарын келісіп қойған көрінеді.
Біздің серіктес: FONBET