Жарнама
Жарнама

«Аталанта» шабуылшысы басын жарып алды

14.07.2020, 23:12
Жазым аяқ астынан
Жарнама
Жарнама

«Аталанта» шабуылшысы Луис Мурьель бассейннің шетінде сырғанап, басынан жарақат алды. Оқиға 29 жастағы футболшы командаластарымен уақыт өткізген кезде болды, деп хабарлайды Football Italia.

Мурьель ауруханаға жеткізілді. Сараптамада ауыр жарақат анықталмады, бірақ колумбиялықтың басына тігіс жасау керек болды.

Луис бүгін А сериясының 33-турындағы «Брешияға» қарсы ойынды жіберіп алуы мүмкін, бірақ 18-шілдеде «Веронамен» болатын кездесуге қатыса алады.

Осы маусымда Мурьель "Аталантаға" Италия Чемпионатының 29 матчында, Чемпиондар Лигасының бес кездесуінде және Италия Кубогының бір ойынында көмектесті. Шабуылдшының қоржынында 18 гол және бір голдық пас бар.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров