Жарнама
Жарнама

«Аталанта» «Ювентус» қорғаушысымен толықты

07.08.2021, 16:35
Ол командадан кеткен Кристиан Ромероның орнын басады.
Жарнама
Жарнама

"Аталанта" клубы "Ювентус" қорғаушысы Мерих Демиралдың ауысқанын хабарлады. Бергамолық клуб ойыншыны сатып алу мүмкіндігімен жалға алды.

Ойыншыны жалға алғаны үшін "Аталанта" 2,5 миллион еуро төлейді. Ал ойыншыны сатып алу үшін тағы 25 миллион еуро төлеуге тура келеді. Сонымен қатар туриндік клуб ойыншының келесі сатылымынан белгілі бір мөлшерде пайда көреді.

Демирал "Ювентуске" 2019 жылы "Аланьяспордан" ауысып келген еді. Бұған дейін Түркия құрамасының қорғаушысы "Спортинг" және "Сассуоло" командаларында ойнаған. Өткен маусымда ол "Ювентус" сапында 24 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген.

Демирал "Аталантадан" "Тоттенхэмге" ауысқан Кристиан Ромероны алмастырады. Лондондық клуб аргентиналық қорғаушы үшін 50 миллион еуро төлеген болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров