Жарнама
Жарнама

Атақты «Сантос» Алматыда

04.03.2011, 17:28
Жарнама
Жарнама
Алматының “Қайрат” футзал клубы 9 наурыз күнi УЕФА кубогының финалдық кезеңiне байланысты Бразилияның “Сантос” клубымен жолдастық кездесу өткiзедi. Сондай-ақ бұл күнi “төрттiк финалдың” жеребесi де тартылады. 29 сәуiр мен 1 мамыр аралығында өтетiн УЕФА кубогының финалдық кезеңiне Португалияның қос клубы – “Спортинг” пен “Бенфика”, итальяндық “Монтесильвано” және Алматының “Қайраты” қатысады. “Қайрат” футзал клубының президентi Қайрат Оразбековтiң айтуынша, Бразилияның “Сантос” клубын шақырудағы мақсат – “Қайраттың” аламан доданың алдында қайраты қаншалықты екенiн байқау. “Сантос” – әлемдегi ең мықты клубтың бiрi. Мұндай клубпен жолдастық кездесу өткiзу деңгейiмiздi өсiрмесе, түсiрмейтiнi айдай анық”, – дейдi Қ.Оразбеков.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров