«Атлетик» 41 финалына жақын

08.02.2024, 13:26

Футболдан Испания кубогінің жартылай финалының бірінші кездесуінде Бильбаоның «Атлетигі» мадридтің «Атлетикосын» жеңді. Алехандро Беренгердің пенальтиден салған жалғыз добы басктерді финалға бір табан жақындата түскендей. Қос команданың арасындағы екінші матч Бильбаода болады.

«Атлетик» осыған дейін аталмыш турнирдің финалында 40 рет бақ сынаған екен. Бұл Испаниялық клубтардың ішіндегі екінші нәтиже. Бірінші орында «Барселона». Каталондықтар 42 финалда ойнаған.     

Материалда: