Жарнама
Жарнама

«Атлетик» футболшысы Рауль Гарсия тарихи жетістікке қол жеткізді

26.01.2021, 18:28
Гарсия Ла Лигада 100 гол соқты.
Жарнама
Жарнама

"Атлетиктің" жартылай қорғаушысы Рауль Гарсия Испания чемпионатында "Хетафемен" болған ойында (5:1) дубль жасады. 34 жастағы Гарсия ХХІ ғасырда Ла Лигада 100 гол соққан алғашқы жартылай қорғаушы атанды, деп хабарлайды OptaSports.

Футболшы "Атлетикте" 54, "Атлетикода" 26 және "Осасунада" 20 гол соқты. Гарсия "Атлетик Бильбаоға" 2015 жылдың жазында "Атлетикодан" ауысып келді. Осы маусымда ол Ла Лигада 17 кездесуге қатысып, 3 гол соқты, бір голдық пас берді.

"Атлетико Мадрид" сапында Гарсия Испания чемпионы, елдің Кубогі мен Суперкубогінің иегері, Еуропа лигасының жеңімпазы, УЕФА Суперкубогының иегері атанды.

"Атлетик Бильбао" 24 ұпайға ие және Ла Лиганың турнирлік кестесінде тоғызыншы орында тұр. Бильбаолық клуб 31 қаңтарда "Барселонамен" ойнайды, ал "Хетафе" сол күні өз алаңында "Алавесті" қабылдайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров