Жарнама
Жарнама

"Атлетико-Барселона". Кездесу алдындағы ой

29.01.2015, 03:25
Жарнама
Жарнама
Испан кубогінің өткен кезеңдерінде "Барселона" текетірес нәтижесін бірінші ойында-ақ шешіп жүрген еді. Бірақ, "Атлетикомен "жағдай басқа. Ол, әрине алдын-ала түсінікті болды. Дегенмен, бірінші ойында өз алаңында "блауграна" тиімді нәтижеге қол жеткізді. Гол салды. Бастысы, қақпаға гол жіберген жоқ. Сөйтіп, Симоне шәкірттерін қарымта кездесу алдында тығырыққа тіреді десек те болады. "Камп Ноудағы" матчтан кейін Луис Энрике матрасниктердің қорғаныстағы сауатты ойының атап өткен болатын. Бапкердің пікірінше, "Атлетико" Еуропадағы ең сауатты қорғана білетін ұжым. Бұнымен келіспеске болмайды. Сондықтан, Барселонадағы 1:0 есебі "блауграна" үшін өте тиімді. Қорғаныс арқылы ойнайтын "Атлетико" бүгін шабуылдауы міндетті. Ал, бұл жағдай католондықтарға, қорғанысын ашық қалдырған "Висенте Кальдерон" қожайындарын жазалауға зор мүмкіндік туады деген сөз. Барсаның бір голы текетірестің тағдырын толықтай шешеді. "Бірінші ойынның нәтижесіне қарап, жартылай финал жолдамасы Барселона қолында деуге болмас. Көп уақыт бойы Барсаға мүмкіндік бермедік. Бірақ, бәрін Месси шешіп кетті. Қарымта ойында кеткен есені қайтаруға тырысамыз. Түсінемін, оңайға соқпайды"-деп классикалық түрде Диего Симоне сұхбат берген болатын. Сонымен, моральдық басымдылық "Барселона" жағында болып тұр. Шабуылдан гөрі, қорғанудың жеңіл екенін білеміз. Жартылай финалдың кімге бұйырарын бірнеше сағаттардан соң білетін боламыз. "Барселона" командасының болжалды құрамы: Кубок Испании. Атлетико - Барселона. Анонс матча - изображение 13 "Атлетико Мадрид" командасының болжалды құрамы: Кубок Испании. Атлетико - Барселона. Анонс матча - изображение 14 Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров