Жарнама
Жарнама

«Атлетико» басшылығы Партидің «Арсеналға» ауысқанына ашулы

07.10.2020, 21:36
«Арсенал» тек ойыншының агентімен ғана келіскен екен.
Жарнама
Жарнама

"Атлетико Мадрид" клубының басшылығы "Арсеналдың" ганалық жартылай қорғаушы Томас Партиді сатып алу кезіндегі әрекеттеріне наразылығын білдірді.

Партиді Лондондықтар 50 миллион еуроға сатып алды. Мадридтік клуб бұл ауысымның орын алғанын трансфер терезесі жабылуға жарты сағат қалғанда білген екен. "Атлетико" келіссөзді жүргізудің бұл тәсілі "Арсеналмен" қарым-қатынастың нашарлауына әкеледі деп санайды.

«Арсенал» Партидің ауысуы туралы 6 қазанда хабарлады. Ганалық футболшы Мадридте 2013 жылдан бері ойнап келеді. Өткен маусымда «Атлетико» құрамында жартылай қорғаушы Ла Лигада 35 матч өткізіп, үш гол соқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров