"Атлетико" Мадрид клубы осы жазда шабуылшы Эдинсон Каваниді өз қатарына қосып алмақшы. Ол жайында журналист Никола Скира өзінің туиттерінде жазды. Осы жазда келісімі аяқталып, еркін футболшыға айналатын Уругвай шабуылшысына олар 3 жылға арналған келісім-шарт ұсынбақшы. Эдинсон келісіп жатса, онда Диего Костаны сатуға дайындай береді. Өйткені екі шабуылшының бір клубта ойнауы қиын сияқты көрінеді.
Біздің серіктес: FONBET