Жарнама
Жарнама

«Атлетико Мадрид» бразилиялық шабуылшыны қатарға қосты

26.08.2021, 01:38
Шабуылшы Бразилия құрамасымен бірге Токио Олимпиадасының жеңімпазы атанды.
Жарнама
Жарнама

"Герта" футбол клубының 22 жастағы шабуылшысы Матеус Кунья мансабын "Атлетико Мадридте" жалғастырады. Трансфер құны 30 миллион еуроға бағаланды. Келісім-шарт 2026 жылдың жазына дейін есептелген.

Өткен маусымда ойыншы Бундеслигада 27 матч өткізіп, 7 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді. Бұған дейін Кунья швейцариялық "Сьон" мен "РБ Лейпциг" клубында ойнаған.

Футболшы мансабын "Эвертонда" жалғастыруы мүмкін еді. Шабуылшыға ресейлік "Зенит" клубы да қызығушылық танытты.

Матеус Кунья Бразилия құрамасымен бірге Токио Олимпиадасының жеңімпазы атанды. Ол орталық шабуылшы позициясында ойнайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров