Жарнама
Жарнама

"Атлетико" Мадрид - чемпион!

10.05.2012, 07:51
Жарнама
Жарнама

Еуропа лигасын келер жылы Чемпиондар лигасына қосып жібергісі келіп жүрген УЕФА басшылары кешегі финалдан кейін мүмкін бұл шешімдерін бас тартып қалуы да ықтимал. Бухарестте өткен ойынды стадионнан 52 мың жанкүйер тамашалады. Фалькаоның екі голы мен Диегоның соңғы үшінші добы "Атлетико" командасын Еуропа лигасының биылғы маусымдағы чемпионы атанды. Жеңімпаздарды атақты румын ойыншыларының бірі Георге Хаджи марапаттады. Кіші турнирдің жеңімпазы анықталды. Ендігі кезекте Чемпиондар лигасы. 

Испаниялық финалда екі "Атлетик" алаңға шықты. Биыл Испанияның клубтық деңгейдегі рейтингіне көп ұпай әкелген "Барса" да емес, "Реал" да емес қос "Атлетик". Олар финалға дейін жетті. Ақтық сында кездесуі мүмкін деп жорамал жасаған "Реал" мен "Барса" биыл жартылайфиналдан ары аса алмады. Дегенмен де, "МЮ" мен "Тоттенхэм" менсінбейтін бұл жарыста "Атлетико" жеңімпаз атанып, барша Мадридті қуанышқа бөледі.

"Галатасарайда" ойнап жүргенде "Ливерпульге" ауысуды армандаған Арда Тұран алаңда керемет ойқастады. Орталық алаңда көбінесе доппен болған да, бастан қан кетіп жарақат алған да Арда Тұран болды. Диегоның өнеріне де Бухарест стадионы қол шапалақтады. Өткен жылы Әлем футболына мықты, жас қақпашыны шығарған "Атлетико" биыл тағы да бір қақпашысымен мақтана алады. Куртуа да Де Хеаның тағдырымен жоғарғы деңгейдің бір ұжымына ауысып жатса таңқалмаймын. Ал Радамель Фалькаоның нағыз сұрмерген шабуылшы екенін кеше түнде тағы бір мәрте тамашаладық. "Жолбарыс" кез-келген сәтте шабуылға атылып шығып жатты. Ойынның негізгі шешуші сәтін де Фалькаоның баласы Родемель өзі шешті. Фалькао екі жыл қатарынан бұл турнирдің жеңімпазы атанып, қатарынан екі жыл сол турнирде үздік мерген атанған әлемдегі санаулы ойыншының қатарына кірді.

Диего Симионе Фалькао секілді Еуропа лигасының тарихына жазылатын болды. Аргентиналық азамат ойыншы ретінде, әрі бапкер ретінде осы турнирді жеңген тұлға болып қала бермек.

Муньяин, Итураспе, Ауртенече, Де Маркос секілді бір шоғыр жас таланттарды жаһанға таныстырған бильбаолық ұжымның да қаншама жанкүйердің жүрегін жаулағаны рас. Льорентенің тәжірибесі жастарды алға сүйреуге бұл жолы жетепеді. Жастардың тынысы мұндай маңызды кездесуде ашыла қоймады. Дегенмен, тура осы ойыншылардың бірі жақын арада өзін барша әлемге жақсы қырынан таныстырып қалуы әбден ықтимал.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Келесі жаңалық
"Қайратты" қолда!