Жарнама
Жарнама

«Атлетико Мадрид» Диего Костаның орнына «Наполи» шабуылшысын алуды жоспарлап отыр

25.12.2020, 21:25
Коста үшін жаңа клуб табу қиынға соқпайтыны анық.
Жарнама
Жарнама

"Атлетико Мадрид" шабуылшы Диего Костаға жаңа келісімшарт ұсынбайды, деп хабарлады италиялық журналист Маттео Моретто.

Футболшы командадан қаңтарда кетуі мүмкін. "Атлетико" Костаның орнына "Наполидің" шабуылшысы Аркадиуш Миликті алуы мүмкін, оның неаполитандықтармен келісімшарты осы жазда аяқталады.

Коста "Атлетико Мадрид" сапында 2018 жылдан бері ойнап келеді. 2019/2020 жылғы маусымда испаниялық шабуылшы Ла Лиганың 23 матчына қатысып, 5 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Осы маусымда 32 жастағы шабуылшы жеті кездесуде екі гол соқты. Футболшының клубпен келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін жасалған.

Коста қыркүйек айында клуб қаласа "Атлетикодан" кетуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров