Жарнама
Жарнама

«Атлетико Мадрид» қақпасына дубль жасаған Мохамед Салах қос бірдей рекорд орнатты

20.10.2021, 22:14
Ол «Ливерпуль» аңызы Стивен Джерардтың рекордын жаңартты.
Жарнама
Жарнама

"Ливерпульде" ойнайтын мысырлық шабуылшы Мохамед Салах Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде "Атлетико Мадридке" қарсы өткен ойында дубль жасады. Оның соққан қос голының арқасында мерсисайдтықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Squawka порталының мәліметі бойынша, Салах "Ливерпуль" үшін Чемпиондар лигасында ең көп гол (31) соққан футболшы атанды. Мохамед беделді турнирде 30 гол соққан клубтың аңызы Стивен Джеррардты басып озды.

Сондай-ақ египеттік шабуылшы "Ливерпуль" жейдесінде барлық турнирдерді қоса есептегенде қатарынан тоғыз матчта гол соққан алғашқы ойыншы атанды.

Үш турдан кейін Юрген Клопп шәкірттері 9 ұпаймен өз тобында сенімді түрде көш бастап келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров