Жарнама
Жарнама

“Атлетико” “Жирона” ойыншысын өз қатарына қосады

“Матрасшылар” командасы “Жиронамен” бірге Артем Довбиктің трансферіне келісім жасады. 

Жарнама
Жарнама

27 жастағы шабуылшы бүгін Мадридке келіп келісімнің соңғы нүктесін қоюы қажет.

Трансфердің жалпы құны 32 млн еуроға бағаланып отыр. Онымен қоса, “Атлетико” бонус ретінде тағы 6-7 млн еуро төлейді. 

Довбик Ла Лиганың өткен маусымында 36 ойында 24 гол соғып турнирдің үздік сұрмергені атанды. 

Жақында ғана “Милан” сапына Альваро Мората ауысты. Сол себепті “Атлетикоға” Довбик секілді ойыншы қажет. Айта кетейік Диего Симеоне командасы украиндық аяқдопшыдан бөлек, шабуылшы позициясына “Манчестер Ситидегі” Хулиан Альварес және “Вильярреалдағы” Александр Серлетты қарастырды. Уақыт өте клубтың таңдауы Довбикке түсіп отырғанына көзіміз жетіп отыр. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: