"Атлетико Мадридпен" болған матчтың (1:2) 12-минутында пенальтиден гол соққан "Эйбардың" 28 жастағы сербиялық қақпашысы Марко Дмитрович өз есімін турнир тарихына жазып қалдырды.
Twitter-де OptaJose атап өткендей, Марко Дмитрович 2011 жылдан бері Испания чемпионатында гол соққан алғашқы қақпашы болды. Мұндай жетістікке қол жеткізген ең соңғы қақпашы - 2011 жылдың ақпанында "Альмерия" қақпасына гол соққан "Депортивоның" қақпашысы Дани Аранзубия.
Егер Испания чемпионатында қақпашылардың пенальтиден соққан голдарын қарастыратын болсақ, онда Дмитрович 2003 жылдан бері 11 метрлік айып добынан гол соққан алғашқы қақпашы атанды.
Squawka порталы Дмитрович Испания чемпионатының тарихында гол соққан 7-ші қақпашы болды деп хабарлады.
Біздің серіктес: FONBET