Жарнама
Жарнама

Аты шулы шабуылшы клубтағы дебюттық голын соқты

“Жетісу” командасы ішкі чемпионаттың 20-туры аясында көкшетаулық “Оқжетпесті” жеңді.

Жарнама
Жарнама

Көкшетауда өткен ойын 1:2 есебімен аяқталды. Матч барысында алаң иелерінен Дәурен Жұмат пенальтиден гол тіркеді. Бірақ оған дейін “Жетісу” сапынан 30-жастағы Мохамед Буя-Турай ерекшеленіп, есепті ашқан болатын. Сьерра-Леонне тумасы бұған дейін “Жетісу” сапында 2 ойын өткізіп, көзге түсе алмаған болатын. 

Жалпы бұл шабуылшыны Талдықорғандық футбол жанкүйерлері күдікпен қарсы алды. 10 матчта 1 голды әрең соғып жүрген Мохамед Буя маусым соңына дейін осы жеткен нәтижесімен тоқтап қалмайды деп сенеміз. 

Айта кетейік, “Жетісу” ішкі чемпионаттағы келесі кездесуін турнир аутсайдері “Атыраумен” бақ сынасады. Матч 17 тамыз күні сағат 20:00-де Талдықорғанда ойнатылмақ. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: