Жарнама
Жарнама

Атына заты сай қос команда

18.03.2011, 19:09
Жарнама
Жарнама
17 наурыз күні Орталық стадионда «Қайрат» футбол клубы өз алаңында алғашқы тұсаукесер кездесуін өткізді. Оған Қала Әкімі Ахметжан Есімов келіп қатысты. Өз жанкүйерлерінің алдында ұятқа қалмауды ойлаған алматылық аяқдопшылар 90 минут бойы қызылордалықтар қақпасынан саңлау таба алмады.

Күрделі жөндеу жұмыстарын бастан өткерген Орталық стадионның жасыл алаңының сапасы командалар арасындағы кездесудің тартысты өтуіне алғышарт ретінде алып қарауға болар еді. Дегенмен, көптен бері киелі қапрашаңырақ Орталықты сағынысып қалған қала тұрғындары әлі де жасалынып бітпей тұрған олқылықтарды көріп, іштей қынжылып жатты. Десе де, бұл ойлардың барлығын алаңға шыққан футболшылардың өнерлері жуып шайды десек артық емес.

Жапониядағы табиғи апаттың құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алған ойыншылар мен жанкүйерлер төреші Алешиннің ысқырығынан кейін ойынға кірісті. Басталысымен қонақтар қақпасына лап қойған алматылықтар бірнеше қауіпті сәттер тудырғанымен, есеп аша алмады. Қарымта шабуылдарымен Рихард қорғаған қақпаны нысанаға алған қызылордалықтар да діттегендеріне жете алмады. Осылайша үзіліске кеткен аяқдоп шеберлері екінші таймды белсендірек бастады. Бас бапкер Никитенконың ақыл-кеңестерін естіп шыққан «Қайрат»  ойыншылары ширақ қимылдап, доппен көбірек иелік ете бастады. Мұндай көрініс уақыт өткен сайын күшейе берді. Себебі, өз алаңында қалайда жеңіске жетуді көздеген алаң иелері бар күшке тырысып бақты. Шабуылшы Байрамов пен Струковтарға бірде дәлдік, бірде сәттілік жетіспей жатты.

Тең нәтижемен тарқасқан қос команда бір ұпайдан олжалап турнирлік кестедегі өз орындарына жайғасты. Қоржынында 4 ұпайы бар «Қайрат» 7 орынға табан тіреді.

Ендігі кездесуін «Қайрат» 4-тур аясында 31 наурыз күні сырт алаңда «Атырау» командасымен өткізеді. Ал Орталық стадионда өтетін келесі кездесу 4-сәуір күніне жоспарланған. 5-турдың кездесуінде алматылықтар павладарлық «Ертісті» қабылдайды.

«Қайрат» — «Қайсар» 0:0 Ескертулер: Жолдасов 29, Шестаков 35 — Ыбраев 35, Эдейпо 76 «Қайрат»: Рихард, Жолдасов, Жоржевич, Головской, Байрамов, Сүймағамбетов (Балтиев 53), Кирильчик, Христов (Фомин 73), Коструб, Шестаков, Струков «Қайсар»: Алайдаров, Орловский (Бірқұрманов 19), Азовский, Црногорац, Балтаев, Тағыберген, Сағындықов, Ыбраев, Семлер, Эдейпо (Молдақараев 89), Максим Төрешілер: Алешин (Павлодар), Филатов, Быстров (екеуі де — Сарань) 17 наурыз. Алматы. Орталық. 4 800 көрермен.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров