Жарнама
Жарнама

«Атырау» Армения чемпионын қатарға қоспақ

25.01.2021, 20:04
Восканян бұл қорғаушыны жақсы таниды екен.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, сербиялық қорғаушы Даниэль Стойкович жақын арада "Атырау" футболшысы атанады. 30 жастағы қорғаушы "мұнайшылардың" Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына келіп қосылды. Стойкович жақын күндері "Атыраумен" бір жылдық келісімшарт жасасады деп күтілуде.

Стойковичтің мүмкіндіктерін команданың бас бапкері Арам Восканян жақсы біледі. Даниэль Восканянның басшылығымен "Алашкертте" өнер көрсетті, екі рет Армения чемпионатын жеңіп алды, сонымен қатар осы елдің Кубогі мен Суперкубогінің иегері атанды. Армениялық клубтың құрамында футболшы Чемпиондар лигасының іріктеу матчтарына да қатысты.

Өткен маусымда Стойкович "Неман" сапында 29 матч өткізіп, бір гол соқты. Маусым соңында "Неман" Беларуссия чемпионатында бесінші орынға ие болды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров