«Атыраудың» бас бапкері Арам Восканян команданың сәтсіз ойындарына қарамастан, жұмысын жалғастыра бермек. Бұл туралы Vesti.kz сайтына клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Еске сала кетейік, армениялық маманның жетекшілігімен «мұнайшылар» төрт матчтың барлығында жеңіліп қалды. Соіғы кездері Восканян төртінші турдан кейін қызметінен кетеді деген ақпарат та пайда болған еді.
«Бас бапкер Арам Восканян өз орнында қалады. Ол команданы одан әрі жаттықтыруды жалғастыруда. Қазіргі уақытта оның қызметтен кетуі туралы шешім қабылданған жоқ», - деп хабарлады «Атырау» клубының баспасөз қызметі.
45 жастағы маман клубты 2020 жылдың басында қабылдады. Бірінші лигада топ жарып, Премьер-лигаға жолдама алғаннан кейін Восканян командамен келісім-шартын ұзартқан болатын.
Біздің серіктес: FONBET