Жарнама
Жарнама

«Атырау» Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады

31.10.2021, 04:18
«Мұнайшылар» үш ойында да жеңіліп, өз тобында ең соңғы орынға жайғасты.
Жарнама
Жарнама

«Атырау» футзал клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы матчында франциялық «Аньер-Вильневтен» 0:6 есебімен жеңіліп қалды.

Қарсыластар сапында Родригиньо, Туре, Лутин, Баккали (дубль), Мухудин көзге түсті.

Осылайша «Атырау» Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады. «Мұнайшылар» үш ойында да ұтылып, өз тобында соңғы орынға жайғасты. Жақсылық Юайсариев шәкірттері бұған дейін словакиялық «Добовецтен» (1:2) және португалиялық «Спортингтен» (8:0) жеңілген еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров