«Атырау» 24 жастағы қорғаушы Амандық Нәбихановпен келісім-шарт жасасты.
Амандық – Ақтау футбол мектебінің тәрбиеленушісі. Ол 2016 жылы, 18 жасында «Каспий» сапында дебют жасады. Содан бері ол ақтаулық клуб жейдесінде 131 кездесу өткізіп, 3 гол мен 3 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.
Өткен маусымда Нәбиханов 31 ойынға қатысып, 1 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET