Жарнама
Жарнама

«Атырау» келесі маусымда ҚПЛ-де ойнамауы мүмкін. «Мұнайшылар» не үшін «жазаланбақ»?

Бүгін, 11:03

«Атырау» легионерлерін өкпелетуде.

"Атырау" - "Қайрат" кездесуі
Жарнама
Жарнама

«Мұнайшылар» маусым баяғыда аяқталғанына қарамастан шетелдік футболшыларының алдындағы берешегін толық өтеп болмаған ұқсайды. Бұл туралы «ASnews.kz» мәлімдеді.

«Клуб кеше барлық қарыздан құтылғандығы туралы ресми мәлімдеме жасағанымен, жағдай әлі шешілмеген. Дереккөздің айтуынша, шетелдік ойыншылар екі айға кешіктірілген қазан айындағы жалақыларын алды, бірақ Премьер-лигада қалғаны үшін уәде етілген бонустар әлі берілмеген.

Бұған дейін жалақы мен бонустарды төлемегені үшін шетелдік ойыншылардың ФИФА-ға шағым жасайтыны, соның салдарынан «мұнайшыларға» ауыр санкциялар салынуы мүмкін деп хабарланған болатын. Кадр мәселесіне келетін болсақ, бас бапкер Виталий Жуковский командадағы жұмысын жалғастырады», - делінген танымал сайт жазбасында.

«Атырау» футбол клубы ҚПЛ-2025-ті 13-орынмен аяқтады.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров