Жарнама
Жарнама

«Атырау» клубы жаңа басшыларды таныстырды

07.12.2021, 15:59
Қос маман да шетелде білім алып, әртүрлі клубтарда қызмет еткен.
Жарнама
Жарнама

«Атырау» футбол клубына жаңа басшылар тағайындалды. Бұл туралы «мұнайшылардың» баспасөз қызметі хабарлады.

Клубтың бас директоры қызметіне Есмағамбетов Эрнис тағайындалса, бас менеджер қызметіне Апсалямов Әлішер бекітілді.

Гермниядағы Лейпциг университетінде білім алған Есмағамбетов 2015-2021 жылдар аралығында алматылық «Қайратта» еңбек еткен.

Ал Апсалямов АПЛ-де өнер көрсеткен уэльстік «Кардифф Ситидің» спорт директоры болған. Одан бөлек, босниялық «Сараево», алматылық «Қайрат» және ақтаулық «Каспий» клубтарында қызмет еткен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров