Жарнама
Жарнама

«Атырау» клубын кімнің жаттықтыратыны белгілі болды

07.12.2021, 16:40
Жаңа басшылар қазақстандық бапкерді көндіріп қойды.
Жарнама
Жарнама

«Мақтааралды» Премьер-лигаға алып шыққан қазақстандық бапкер Константин Горовенко жақын арада «Атыраудың» бас бапкері болып тағайындалады, деп хабарлайды СпортРадар.kz телеграм арнасы.

Дереккөздің мәліметіне сенсек, қос тарап тығыз байланыста отыр және жақын уақытта келісім-шартқа қол қояды. 

Естеріңізге сала кетейік, «Атырау» командасында күні кеше үлкен өзгерістер орын алды. Директор қызметіне Есмағамбетов Эрнис тағайындалса, бас менеджер қызметіне Апсалямов Әлішер бекітілді.

Константин Горовенко 2020 жылғы маусымдв қарағандылық «Шахтермен» бірге Конференция лигасына берілетін жолдамаға ие болған еді. Ал оған дейін «Қайраттың» құрылымында жұмыс істеген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров