Жарнама
Жарнама

“Атырау” клубындағы дағдарыс – Дидар Сыдықбектің қатысы қанша?

19.12.2025, 13:00

Клубтың қаржылық қиындықтарына менеджменттің, соның ішінде Дидар Сыдықбектің қатысы бар ма?

Жарнама
Жарнама

Ғасыр футболы телеграм арнасында "Атырау” командасы және команданың бұрынғы бас менеджері Дидар Сыдықбек жайлы жазба жарияланды.

Ақпаратқа қарағанда, клубта легионерлер мен отандық ойыншыларға жалақы мен тиісті бонустардың берілмеуі жүйелі сипат ала бастаған. 

Дидар Сыдықбектің есімі бұл дауға “Мұнайшылар” қатарына жауапты қызметке келуімен байланысты араласып отыр. Оған тағылған бейресми айыптардың негізгі тұстары мынадай:

Анонимді оқырманның хабарлауынша жаңа басшылық келгелі қаржылық ағындарды бақылау әлсіреді немесе басымдықтар өзгерді және легионерлермен жасалған келісімшарттар орындалмаған.

Дегенмен, бұл мәселеге екінші жағынан қарау керек. Кез келген мемлекеттік бюджетке тәуелді клубтың қарызы бір күнде пайда болмайды. Бұл — бұрыннан жиналып қалған немесе жергілікті билік тарапынан қаржыландырудың кешігуінен туындаған проблема болуы да әбден мүмкін.

Анонимді оқырмандардың хаты көбіне нақты деректерге емес, эмоцияға немесе клуб ішіндегі белгілі бір топтардың мүддесіне негізделуі мүмкін.

Футбол әлемінде маусым соңында немесе ауыспалы кезеңде қарыздардың пайда болуы — жиі кездесетін құбылыс.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров