Жарнама
Жарнама

«Атырау» клубының жаңа бас бапкері мәлімдеме жасады

25.06.2025, 19:04

«Атырау» клубының 41 жастағы жаңа бас бапкері Виталий Жуковский бірнеше айдан кейін қайтадан Атырауға бас бапкер ретінде оралды.

Жарнама
Жарнама

– Үйім деп атай алатын жерге қайта оралудың сезімі – ерекше. Бұл жерде мен аз уақыт жұмыс істеген жоқпын, әрі жақсы естеліктер көп. Шынымды айтсам, бұл оралу алдын ала жоспарланбаған еді. Менің бұрынғы клубыммен жарамды келісімшартым болатын. Алайда, екі жақтың келісімімен қоштасуға тура келді.

Жаңа келісімшартты әлі толықтай қол қойып үлгермей жатып-ақ, қолдауды сезіне бастадым. Бізді, яғни бапкерлік штабты, қуана қарсы алды. Біз де дайынбыз. Алға жылжуға, дамуға ұмтыламыз. Иә, жағдай оңай емес. Бірақ мен бұл шақыруды қабылдадым. Демек, тек алға қадам басамыз.

Айта кетейік, Виталий Жуковский бұған дейін 2022-2024 жылдар аралығында да «Атырау» клубын тізгіндеп, былтыр Қазақстан кубогының финалына дейін жеткен болатын.

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: