Жарнама
Жарнама

«Атырау» легионерлерінің клубпен келісім-шарттары тәмамдалды

19.12.2021, 03:47
Бір ғана легионердің жарамды келісім-шарты бар.
Жарнама
Жарнама

«Атырауда» өнер көрсеткен легионерлердің клубпен келісім-шарттары аяқталды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

27 жастағы бразилиялық шабуылшы Де Андраде Родригес Аллефтің ғана клубпен жарамды келісім-шарты бар, ойыншы аяғының сынуына байланысты өткен маусымның сoңын өткізіп алған болатын. Оның клубтағы болашағы алдағы оқу-жаттығу жиынында белгілі болады.

Еске сала кетейік, өткен маусымда «Атырау» сапында он легионер доп тепті. Олар: польшалық Петр Гжельчак, ресейлік Дмитрий Гузь, сербиялық Даниэль Стойкович, гаитилік Алекс Жуниор, бразилиялық Алекс Бруно мен Жиан Мартинс, армениялық Арам Айрапетян, Артак Дашян және Соломон Удо, сонымен қатар беларусь футболшысы Владимир Медведь.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров