Жарнама
Жарнама

«Атырау» ойыншысы Наурызбек Жагоров «Тобылға» ауысып жатыр

Атырау футбол мектебінің түлегі Наурызбек Жагоров келер маусымды «Тобыл» сапында өткізеді. Бүгінде 25 жастағы футболшының қостанайлықтармен келісім-шартқа қол қоюы ғана қалып тұр.

Жарнама
Жарнама

Қос тарап барлық сұрақтар бойынша келісімге келіп, мәселені шешіп қойған. Наурызбек өткен маусымда атыраулықтардың негізгі құрам ойыншыларының бірі болды. ҚПЛ-да 23 матч өткізсе, соның 18-інде ойынды алғашқы минуттан бастаған. Жартылай қорғаушы бір гол соғып, айтарлықтай нәтижелі ойынымен көзге түспесе де «мұнайшылардың» жеңістеріне сүбелі үлесін қосты. Сондай-ақ, Жагоров аяқдоп шебері ғана емес жыршылық та өнері бар жігіт. Сондықтан, келер маусымда орыс тілді «Тобылдың» ұжымы мен легионерлерін жыр-термесімен телміртіп, қазақыландыруға да өз үлесін қосатын шығар. Ал бас бапкерсіз қалған «Атыраудан» енді футболшылар да қаша бастады. Өйткені, «мұнайшылардың» қаржылық жағдайы мәз емес деген ақпарат әлеуметтік желіде желдей есіп жүр.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров