Жарнама
Жарнама

"Атырау" орнын сақтау үшін күреседі

13.03.2017, 21:17
Жарнама
Жарнама
y7ln70mnd7oҚорғаныс Бұл команданың қорғанысы бұрыннан ала-құла. Негізінен легионерлерге иек артады. Никитенконың кезінен солай. Одан кейінгі жағдай да жақсара түскен жоқ. Тұрақты бір адам бар. Ол Жасұлан, ой кешіріңіздер... Жасур Нарзикулов. Қақпашы «Атырау» фанаттарының сүйікті қақпашысына айналды. Талай ойынды нөльге тұрып, командаға 1 ұпайдан әкеліп отырды. Негізі «Атырау» өзі тең ойнай салатын команда. Өткен жылы ойнаған жігіттердің көбісі өзге командаларға ауысты. Ал легионерлері тіпті басқа мемлекеттерге тарасты. Биыл грузиялық қорғаушы шақыртылды. Уча Лобжанидзе Грузия құрамасының негізгі қорғаушысы. Украинаның «Днепрінде» сәтті ойын көрсетті. Трансферлік құны да төмен емес. Алайда, «Атырауға» ол тбилисилік «Динамо» арқылы келіп отыр. Команда бас бапкері хорватиялық Зоран Вулич ұжымға өзінің отандастары мен балқан түбегінің жігіттерін алдыртты. Бапкерлік штаб түгел бұрынғы югославиялықтар. Қорғанысқа да отандастарының бірін алдыртты. Юрай Общивац осыған дейін НК "Неретва", "Хайдук" Сплит, "Истра 1961", "Сплит" командаларында ойнаған. Жартылай қорғаныс Бапкердің жақсы бір трансфері жартылай қорғаныста болуы мүмкін. Сербиялық жас жігіт Йован Джокич небәрі 24-те. Артықы жартылай қорғаушы көбінесе қорғаныс пен шабуылды байланыстырушы. «Яворо» командасынан ауысып, «Атырауға» келіп отыр. Осыған дейін шет ел чемпионатында өнер көрсетпеген екен. Бұл әлі бұғанасы қатпаған жас ойыншыға қалай әсер етерін кім білсін? Бірақ, оған осы позицияда көмектесуі мүмкін бір ойыншы бар. Жартылай қорғаушы деп тіркелгенімен орталық қорғаушы қызметін атқаратын Новица Максимович «Войводина» командасында осы позицияда ойнаған. Кейде сәл алға шыға алады. Яғни, Джокичке көмектесуі ықтимал. Оның үстіне Максимович өте тәжірибиелі ойыншы. Сонымен бірге ортада өзбекстандық легионер бар. Кезінде «Жетісу» мен «Шахтер» сапында көзге түскен Шафкот Саломов «Атырау» басшылығының шақыртуымен келді деп топшылап отырмыз. Әйтпесе, Зоран Вулич Саловмовтың біздің чемпионаттағы ойынын тамашалаған емес. Ал ойыншыларды бапкер емес басшылық алған кезде чемпионат ортасында түсініспеушіліктер орын алып жатады. Саломовтың кез келген ұжыммен тез тіл табысып кететінін ескерсек, «Атырау» бұл тұста аса қатты қиналмауы керек. Одан бөлек қазақстандық жартылай қорғаушылар жайлы сөз қозғасақ. Иньестаның қазақстандық нұсқасына айналып кеткен Марат Хайруллин мен болашақ жұлдыз ойыншы деп болжанып жүрген Әлішер Сүлей «мұнайшылардың» ойынын мазмұнды қыла жатар. Хайрулиннен гөрі Сүлейге сенім көбірек. Шабуыл «Атырауда» шабуыл шебі қаншалықты екені түсініксіз. Бір білетініміз жақсы деңгейде өнер көрсеткен грузиялық Владимир Двалишвили келді. Грузия ұлттық құрамасының шабуылшысы өте тәжірибиелі футболшы. «Маккаби» Хайфа командасында өнер көрсетіп жүрген шағында сұрмерген «Ақтөбе» қақпасына 2 гол соққан. Ол ойын чемпиондар лигасының іріктеу матчы болатын. Ал екінші легионер-шабуылшы Иван Родич жайлы көп әңгіме айта алмаймыз. Хорватиядан ұзап шыққан алғашқы елі Украина. «Заря» мен «Металлист» сапында ойнаған. Былай қарасаңыздар екеуі де осал ұжымдар емес. Бірақ, жасы да біршамаға келіп қалған шабуылшы «Атырауды» алға сүйрей алар ма екен? Күмән мен күдік басым. Бұрын «Атырау» сапында ойнаған Рикарду Соуза мен бапкер Зоран Филиповичтерге жалақыларын толықтай бермегені үшін клуб жазаға тартылды. Енді биылғы маусымда олар 9 ұпай кемдігімен бастайды. Бұл команда жанкүйерлері мен футболшыларының көңіл-күйіне қатты әсер еткен жағдай. Маусым басталмай жатып, осындай жағдайға душар болған команданы әрине, түсінуге де болады. 8-наурыз күні Зотобольск қаласында алғашқы турда атыраулықтар «Тобылмен» күш сынасады.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров