Жарнама
Жарнама

«Атырау» осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

24.04.2021, 00:45
Матчтағы жалғыз голды «Астананың» жалда жүрген футболшысы соқты
Жарнама
Жарнама

"Атырау" Қазақстан Премьер-лигасының жетінші туры аясында алматылық "Қайратты" қабылдады. Матч Атыраудағы "Мұнайшы" стадионында өтіп, 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Бірінші таймда қос команда да гол соға алмады. Ал екінші тайм бастала салысымен "Атыраудың" жартылай қорғаушысы Жаслан Қаиркенов матчтағы жалғыз әрі жеңісті голды соқты.

Маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізген Арам Восканян шәкірттері турнирлік кестедегі жағдайын жақсартып алды. "Атырау" бесінші ұпайын қоржынға салып, он бірінші орынға көтерілді. Ал алматылық ұжым 12 ұпаймен төртінші орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров