«Атырау» Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турында «Мақтааралдан» айласын асырды. Кездесу Атырауда өтіп, 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.
«Мұнайшылар» сапында Матеус Бисси (28-минут) мен Тодор Петрович (45) мергендік танытты. Ал жауапты голды Артем Разгонюк 74-минутта соқты. Матч барысында атакенттік клубтың екі ойыншысы, нақтырақ айтсақ, Алекс Бруно мен Артур Западня қызыл қағаз алды.
Қазақстан Премьер-лигасы, 3-тур
«Атырау» – «Мақтаарал» – 2:1
«Атырау»: Арам Айрапетян (қ) (к) – Қуаныш Қалмұратов, Николай Тарасов, Павел Барановский, Матеус Бисси, Амандык Нәбиханов – Сослан Такулов (Домантас Антанавичиус 90), Тодор Петрович (Алтынбек Сапаров 75) – Анатолий Катрич (Мұқағали Пангерей 75), Андрия Филипович (Александр Соколенко 37), Петр Гжельчак;
«Мақтаарал»: Сергей Литовченко (қ) – Артур Западня, Руслан Юденков (к), Егор Потапов (Павел Чикида 60), Артем Разгонюк, Ілияс Әмірсеитов – Расамбек Ахматов, Ринат Жұматов (Әліби Тұзақбаев 87) – Алекс Бруно, Рифат Нұрмұғамет (Ғалымжан Кенжебек 53), Шериддин Бобоев (Едіге Оралбай 46);
Біздің серіктес: FONBET