Жарнама
Жарнама

«Атырау» «Қайрат» шабуылшысымен мәміле жасасты

05.07.2022, 02:15
Жас шабуылшы жаңа командасына еркін агент ретінде қосылды.
Жарнама
Жарнама

20 жастағы қазақстандық шабуылшы Денис Митрофанов еркін агент ретінде «Атырауға» ауысты.

Футболшы ҚКФЛ ресми сайтындағы «Атыраудың» өтініміне енді. Ол «мұнайшылар» сапында 17-ші нөмірмен өнер көрсетеді.

Денис Митрофанов - «Алтайдың» түлегі. Ол Шығыс Қазақстан облысының командасы үшін Бірінші лиганың өткен маусымында 11 матч өткізіп, 2 гол мен 1 нәтижелі пасты өз атына жазды.

Өткен жылдың маусым айында Денис «Қайратқа» ауысты. Ол алматылық клуб жейдесінде 6 матч өткізіп, нәтижелі әрекеттерімен көзге түспеді.

Екі айдан кейін Митрофанов «Қайрат-Мәскеуге» кетіп, осы күнге дейін сол жақта ойнады. Команда құрамында 11 ойынға қатысып, 2 гол соқты және 2 голдық пастың авторы атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров