«Атырау» футбол клубы ресейлік жартылай қорғаушы Владимир Медведьпен келісім-шартқа отырды.
21 жастағы футболшы жаңа командасында 13-нөмірмен өнер көрсететін болады.
«Динамо Минск» клубының түлегі кәсіби мансабын 17 жасында Белоруссияның жоғарғы лигасында бастады. Сонымен қатар футболшы «Славия Мозырь», «Нафтан», «Динамо-Брест», «Слуцк», «Ростов», «Крылья Советов», «Чайка» және «Ротор» командаларында өнер көрсеткен.
Біздің серіктес: FONBET