«Атырау» 26 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Юрий Завезёнмен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
Ойыншы «Атырауға» еркін агент ретінде қосылды.
Юрий Завезён - «Чертаново» академиясының түлегі. Ресейде «Кубань», «Ротор» сияқты командаларда өнер көрсетті. Ойыншының соңғы клубы «Металлург Липецк» болды.
Жалпы, Завезён мансабында 254 матч өткізіп, 23 гол соққан, 10 нәтижелі пас берген.
Біздің серіктес: FONBET