«Ордабасы» Қазақстан кубогі топтық кезеңінің төртінші турында «Атырауды» қабылдады. Матч Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтіп, 1:2 есебімен аяқталды.
Ойынның 11-минутында Андрия Филипович қақпашымен жеке-дара шығып, командасын алға шығарды. Сегіз минуттан кейін Эльхан Астанов пенальтиден мүлт кетпей, таразы басын теңестірді. Ал 70-минутта Тодор Петрович алыстан тамаша соққы бағыттап, кездесудің нүктесін қойды.
«Ордабасы» – «Атырау» – 1:2
«Ордабасы»: Бекхан Шайзада (қ) – Әділхан Добай, Самат Шәмші (к), Карам Сұлтанов, Одилбек Абдумажитов, Акмаль Бахтияров – Александр Батищев, Виктор Брага – Эльхан Астанов, Максим Федин, Всеволод Садовский;
«Атырау»: Илья Караваев (қ) – Равиль Ибрагимов, Матеус Бисси, Павел Барановский, Амандық Нәбиханов, Ади Адамбаев – Домантас Антанавичюс, Алтынбек Сапаров (к) – Юрий Завезен, Андрия Филипович, Павел Долгов;
Біздің серіктес: FONBET