Жарнама
Жарнама

«Атырау» - «Тобыл» кездесуіне болжам

13.09.2025, 10:31

23-турда кездесетін қос клубтың мақсаттары екі түрлі.

«Тобыл» футболшылары голдарын тойлауда
Жарнама
Жарнама

«Мұнайшылар» премьер-лигада қалу үшін жанталасса, «Тобылда» чемпиондық амбиция. 

«Атырау» 12 ұпаймен ең соңғы орында. Команда 22 матчта 2 рет жеңіп, 6 рет тең ойнап, 16 ойында ұтылған. Доп айырмасы 13-40. Соңғы бес турда 7 ұпай еншілеген. Жағдайды құтқару үшін бүгін міндетті түрде үш ұпай еншілеуі тиіс. Соңғы кездесудердегі бабына қарасақ, алаң иелеріне бұл миссияны орындау өте қиын болады. Бірақ, «Атырау» өз алаңында кез-келген қарсыласқа қарсы барын салып ойнайтынымен танымал. 

«Тобыл» чемпионаттың шешуші бөлігінде 44 ұпаймен үздік үштікті түйіндеуде. «Астана» мен «Қайраттан» 2 ұпайы кем, бірақ ойналмаған бір матчы бар. Егер, Нұрбол Жұмасқалиевтің командасы бүгін Атырауда жеңіс тіркесе, чемпиондыққа бір табан жақындайды. Соңғы үш кездесуді ұтқан қостанайдық клубтың қарқыны күшті. Бүгін де сол сериясын жалғастыруға жақсы мүмкіндігі бар. 

Матчтағы голдардың жалпы тоталы 2.5-нан кем болады деп топшылаймыз. Бұған Fonbet.kz 1.90 коэффициент береді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров