Жарнама
Жарнама

«Атырау» төртінші бразилиялық ойыншыны қатарға қоспақ

22.07.2021, 22:47
Футболшы соңғы екі жылын Ресейде өткізді.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Атырау" клубының тізіміне тағы бір бразилиялық футболшы қосылады. Бұл - 26 жастағы орталық шабуылшы Аллеф де Андраде Родригес.

Аллеф соңғы 2 жыл бойы ФНЛ-де калининградтық "Балтика" сапында ойнады және оған дейін Бразилия мен Португалияның танымал емес клубтарының намысын қорғады. Ол осы маусым барысында РПЛ-ден жаңа клуб табуға тырысты, бірақ "Нижний Новгород" командасына сәйкес келмеді. Шабуылшы Ресейде бас-аяғы 43 матч өткізіп, 15 гол соққан екен.

"Атырауда" Аллеф бразилиялық төртінші ойыншы болмақ. Қазір "мұнайшылар" сапында қорғаушы Брайан Силва, жартылай қорғаушылар Алекс Бруно мен Жиан Мартинс өнер көрсетуде.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров