Жарнама
Жарнама

«Атырау» үш футболшымен қош айтысты

26.07.2021, 18:24
Қос тараптың шешімі бойыншы екі легионер футболшы келісім-шарттарын мерзімінен бұрын аяқтады.
Жарнама
Жарнама

Жазғы трансферлік үзіліс кезеңінде «Атырау» футбол клубы Доньет Шкодра, Петар Кунич және Виктор Грабкомен қош айтысты. 

Доньет Шкодра отбасылық жағдайларына байланысты келісім-шартын мерзімінен бұрын бұзуға ниет білдірді. Бельгиялық жартылай қорғаушы «мұнайшылардың» сапында 9 ойын өткізді. 

Петар Кунич клуб басшылығымен екі-жақты шешім бойынша келісім-шартын мерзімінен бұрын аяқтады. Ағымдағы маусымда босниялық шабуылшы 11 мәрте алаңға шығып, 1 голдың авторы атанды. 

Виктор Грабко ойын тәжірибесін жинау мақсатында Қазақстан Чемпионатының бірінші лигасында өнер көрсететін «Мақтаарал» командасына жалға берілді. Жалдау мерзімі маусымның соңына дейін жалғасады. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров