Жарнама
Жарнама

«Атырау» жаңа бас бапкер тағайындады

14.12.2021, 19:54
Бұл бапкер жақында ғана «Зенит» клубында іс-тәжірибеден өткен болатын.
Жарнама
Жарнама

«Мақтааралды» Премьер-лигаға алып шыққан 44 жастағы қазақстандық маман Константин Горовенко «Атырау» клубының бас бапкері атанды. Жаттықтырушылар штабына Юрий Новиков (қақпашылар бапкерi) пен Денис Мамонов (бас бапкердің көмекшісі) кірді.

Жақын арада атыраулық клуб жаңа спорт директорын тағайындамақ.

Естеріңізге сала кетейік, «Атырау» командасында бір апта бұрын өзгерістер орын алған болатын. Директор қызметіне Есмағамбетов Эрнис тағайындалса, бас менеджер қызметіне Апсалямов Әлішер бекітілді.

Константин Горовенко жақында ғана «Зенит» клубында тәжірибе жинақтаған болатын. Қазақстандық маман 2020 жылғы маусымда қарағандылық «Шахтермен» бірге Конференция лигасына берілетін жолдамаға ие болған еді. Ал оған дейін «Қайраттың» құрылымында жұмыс істеген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров