Жарнама
Жарнама

«Атырау» жаңа спорт директорын тағайындады

21.12.2021, 22:10
«Мұнайшылар» клубтың бұрынғы ойыншысына сенім артты.
Жарнама
Жарнама

«Атырау» футбол клубы Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Денис Родионовты спорттық директор қызметіне тағайындады.

Денис Родионов – Атырау футбол мектебінің түлегі. «Атырау» жейдесінде 146 кездесу өткізіп, 15 гол соққан. Ал Қазақстан құрамасында 13 ойынға қатысып, бір мәрте мергендік танытқан.

36 жастағы Родионов футболшы ретіндегі мансабын аяқтағаннан кейін «Атырау» футбол орталығының жаттықтырушысы және «Атырау-Жастар»командасында бас бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров