Атырау қаласында "Томарлы" атты жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бұл жаңалықты Қазақстандық футбол функционері Дидар Сыдықбек өзінің телеграм арнасында хабарлады.
Оның айтуынша, жаңа алаңның ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін нағыз футбол мерекесі.
"Бүгін ALAN жобасы аясында Атырау қаласында Томарлы стадион алаңының салтанатты ашылуы өтті. Бұл — Атырау жұрты үшін үлкен қуаныш әрі шынайы футбол мерекесі болды.
Жаңа алаң өңірдегі футбол инфрақұрылымын нығайтып, балалар мен жастарға спортпен айналысуға жаңа мүмкіндік береді. Бұл — жергілікті футболдың дамуына серпін беретін керемет жаңалық.
Айта кетейік, осы жобаның арқасында биыл еліміз бойынша 9 жаңа алаң пайдалануға берілді.
Осындай маңызды істі қолдаған УЕФА және 1XBET компанияларына үлкен рақмет айтамыз!
Жаңа алаң талай жас таланттың шыңдалуына себеп болсын!
@kff_resmi @alan_kazakhstan @1xbet__kz” – деп жазды Дидар Сыдықбек.
Біздің серіктес: FONBET