Хавбэк Жоэль Каямба “Атырау” клубының ойыншысы атанады.
Футболшы мұнайлы өлкенің командасына келіп қосылғаны жайында видео жариялады. Онда конголық клубқа қиын сәтте көмектесуге дайын екенін жеткізді.
Каямбаның ҚПЛ қайтып келетіні ешкімге тосынсый болмады. Себебі бұл трансфер жайында футбол жанкүйерлері маусым айының соңында біліп алған еді.
Киншасa тумасы Каямба өткен маусымда “Атырау” сапында өнер көрсетті. Сөйтіп жүріп, келер маусымда ливиялық “Абу Салим” қатарына қосылды.
Еске салсақ, Жоэль қазақстандық клубтардың футболшыларға жоғары жалақы төлейтіндігін ашық айтқан болатын. Онымен қоса, конголық мұндағы ойыншылардың көздегені тек ақша, соның нәтижесінде спортшыларда өсім жоқ дегенге сөз төркінің келтірді.
Біздің серіктес: FONBET