Жарнама
Жарнама

«Атыраудың» бас бапкері: соңғы 20 жылда Олег Литвиненкодай мықты шабуылшыны көрмедім...

30.03.2025, 15:30

«Атырау» бас бапкері Константин Горовенко Meta-ratings.kz тілшісі Ержан Ахметовке көлемді сұқбат беріп, қазақ футболының төңірегіндегі біраз мәселе жайында пікірін айтыпты.

Олег Литвиненко
Жарнама
Жарнама

Мұнда содан бірер үзіндісін келтірдік. 

- Қазір Қазақстандағы ең талантты футболшы? 

- Мүмкін Кенжебек, бірақ ол әлі де толық ашылған жоқ. Сондай-ақ Сатпаев жайлы айттық. Еңбекқорлығы үшін Зайнутдиновты қосуға болады, алайда маған... Соңғы 20 жылда Олег Литвиненкодай мықты шабуылшыны көрмедім. Құдайдан берілген сұрмерген еді, көзін жұмып тұрып-ақ гол сала беретін. Бір апта жаттықпай-ақ, сойқан гол салып кете алатын. Өкінішке қарай, қазір қасымызда жоқ бірақ ол сапалы шабуылшы болатын.

- Қазақстан футболына не жетіспейді? 

- Инфрақұрылым. Жанкүйерлерді көптеп тарту үшін, стадиондар мен алаңдар керек. Фанаттар өзін жайлы сезініп, стадионда тартымды көрініске куә болуы керек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров