Жарнама
Жарнама

«Атыраудың» футболшысы Григорий Бабаянмен қақтығысы туралы: мен оған есесін 10 есе қылып қайтарып беретін едім

31.10.2024, 16:40

«Атыраудың» жартылай қорғаушысы Джоэль Каямба «Астанаға» қарсы өткен кездесуден кейін орын алған жанжал жайлы айтты.

"Астана" - "Атырау" кездесуі
Жарнама
Жарнама

Конголық жартылай қорғаушы өзінің әлеуметтік желісінде елордалықтардың бас бапкері Григорий Бабаянның өзіне қол көтергенін жазды.  

«Тағы да дежавю. «Астананың» бас бапкерінің маған себепсіз қол көтергенінен кейін Қазақстан футбол федерациясы президентінің реакциясын көргім келеді. Біз футбол ойнаймыз, бокс емес. «Астана» секілді команданың бас бапкері қарсыластың ойыншысына себепсіз қол жұмсайды дегенге сене алар емеспін. Мұндай әрекеттер осындай керемет елдің бет-бейнесін құртады. Мұндай деңгейде өнер көрсеткен соң көпшілік арасында эмоцияларыңа ырық бермейтіндей жігерің болуы керек. Мен оған есесін 10 есе қылып қайтарып беретін едім. Бірақ бұған алаңдамай-ақ қойыңыздар, келесі жолы тағы кездесерміз. Карма өзінікін жібермейді», - деді атыраулық футболшы.

Айта кетейік, ел біріншілігінің аяқталуына екі туры қалғанда «Астана» 43 ұпаймен көш бастады. Екінші орында «Қайрат». Алматылықтардың қоржынында 41 ұпай. Елордалықтар келесі турда «Тобылмен» жолықса, «Қайрат» «Ордабасыға» қарсы тұрады.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров