Самат Смақов "Атырау" клубының жаңа бас бапкері атануы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.
Серый CARDINAL телеграм арнасының мәліметінше, Владимир Чебурин командадан кетеді, ал оның орнын Самат Смақов басады.
Бапкерлер құрамымен қатар, клубтың басшылық құрамында да ауыс-түйіс күтілуде. Мәліметтерге сәйкес, Данияр Шадыев спорттық директор қызметіне тағайындалады. Айта кетейік, Шадыев бұған дейін Павлодарлық "Ертіс” клубының Премьер лигаға шығуына үлес қосқан маман.
Биылғы маусымда "Атырау" Владимир Чебуриннің жетекшілігімен айтарлықтай жақсы нәтиже көрсете алмай отыр. Команда Қазақстан Премьер лигасында 19 ойын өткізіп, 19 ұпаймен 13-орында тұр.
Смақов есімі бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасына тағайындалуы мүмкін деген қауесеттермен де байланысты болған.
Біздің серіктес: FONBET