«Атыраудың» көшбасшысы Вьетнам біріншілігіне кетіп қалды

25.01.2023, 17:40


Тодор Петрович енді "Атырау" ойыншысы емес.

Сербиялықтың жаңа клубының аты - "Конг Ан". Бұл ұжым Вьетнамның екінші лигасын жеңіп алған. Осы маусымда олар жоғарғы дивизионда өнер көрсетеді.

Өткен маусымда Тодор "мұнайшылар" үшін жалпы алғанда 25 матч өткізіп, 2 гол салған болатын.

Петрович өз мансабында "Раднички", "Вождовац", "Сопот", "Земун" ФК өнер көрсетті.

Трансфермаркет ойыншыны 225 мың еуроға бағалауда.